«ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТІҢ 2024 ЖЫЛҒЫ ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ» АУДИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ «ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ 2024 ЖЫЛҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТІНІҢ ЖОСПАРЛАНУЫ МЕН АТҚАРЫЛУЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ» САРАПТАМАЛЫҚ-ТАЛДАМАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысына Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшыларының орынбасарлары және жауапты мамандар қатысты.
Тексеру комиссиясының төрағасы М. Қалдарбеков отырыс барысында облыстық бюджет қаражатының дұрыс әрі тиімді жұмсау қажеттілігін атап өтті.
Өз кезегінде комиссия мүшесі Е.М. Абдрахманов баяндамасында субъектілердің жарғысында жарғылық капитал мөлшерінің өзгеруіне байланысты, енгізілген өзгерістер бойынша есепке алу объектісі туралы деректер өзекті етілмей, 2,4 млрд теңгенің рәсімдік сипаттағы бұзушылығына жол берілгендігі анықталғандығына, сонымен қатар кредиторлық берешек 495,2 млн. теңгені, оның ішінде 127,4 млн. теңгесін өткен жылдардың кредиторлық берешегі құрап, өткен жылмен салыстырғанда дебиторлық берешек 23,1 млрд. теңгеге өссе, кредиторлық берешек 208,2 млн. теңгеге азайғандығына тоқталып, аталған кемшіліктерге қатысты тиісті шараларды қабылдау керек екендігін ескертті.
Тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелердің қойған бірқатар сұрақтарына Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшыларының орынбасарлары және жауапты мамандар жауап берді.
Отырыстың қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулылары қабылданып, алдағы уақытта тиісті іс-шараларды атқару үшін ұсынымдар жолданады.