ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТАНЫҢ ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТАНЫҢ ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Жоғары аудиторлық палатаның интеграцияланған ақпараттық жүйесі бойынша семинар өткізілді.
Семинарға Қызылорда қаласының әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелер және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жауапты мамандары қатысты.
Семинарда Жоғары аудиторлық палатаның интеграцияланған ақпараттық жүйесіне енгізілетін ақпараттар бойынша Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының жоспарлау, есептілік және сапа бақылау бөлімінің басшысы А. Иманкулов түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп, қойылған бірнеше сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді.