Қызылордада жергілікті атқарушы орган қызметкерлері арасында облыстық спартакиада аяқталды. Спартакиада қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының командасы шағын футболдан 3 орынды еншіледі.
Жеңімпаз команданы тексеру комиссиясының төрағасы М. Қалдарбеков қабылдап, мемлекеттік органдар арасында өткен жарыста жақсы нәтижелерге қол жеткізген ойыншыларды құттықтады.