«АРАЛ ЖӘНЕ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДАРЫНЫҢ БЮДЖЕТТЕРІНЕ ТҮСЕТІН ТҮСІМДЕРДІҢ ТОЛЫҚТЫҒЫ МЕН УАҚЫТЫЛЫҒЫНА, ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТКЕ ҚАТЕ (АРТЫҚ) ТӨЛЕНГЕН СОМАНЫҢ ҚАЙТАРЫЛУЫНА, ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫНА МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ» ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

«АРАЛ ЖӘНЕ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДАРЫНЫҢ  БЮДЖЕТТЕРІНЕ ТҮСЕТІН ТҮСІМДЕРДІҢ ТОЛЫҚТЫҒЫ МЕН УАҚЫТЫЛЫҒЫНА, ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТКЕ ҚАТЕ (АРТЫҚ) ТӨЛЕНГЕН СОМАНЫҢ ҚАЙТАРЫЛУЫНА, ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫНА МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ» ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысына Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары мен Арал және Жаңақорған аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылары қатысты.
Тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Н. Қордабай отырыс барысында бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақытылығын қадағалаудың маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде комиссия мүшесі С. С. Мырзабек баяндамасында Арал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында қолданыстағы заңдылықтарының нормалары сақталмауынан 114917,8 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 7 рәсімдік бұзушылықтар және Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында қолданыстағы заңдылықтарының нормалары сақталмауынан 49781,8 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 6 рәсімдік бұзушылықтар анықталғандығына тоқталып, аталған кемшіліктерге қатысты тиісті жұмыстарды жүргізу қажеттілігін ескертті.
Тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелердің қойылған бірқатар сұрақтарына Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары мен Арал және Жаңақорған аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылары жауап берді.
Отырыстың қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданып, алдағы уақытта тиісті іс-шараларды атқару үшін ұсынымдар жолданады.