ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚУ ӨТКІЗІЛДІ

ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚУ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Қордабай Нұрғали Рахымшаұлының төрағалығымен 2025 жылдың 22 мамырында «Сәйкестік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты», «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың және Әдеп кодексінің нормаларын сақтау және бұзушылықтардың алдын алу», «Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты», «Аудит объектілерінде мүдделер қақтығысын болдырмау», «Қазақстан Республикасы бюджет кодексінің негізгі қағидаттарын аудитте қолдану», «Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және оған өзгерістер толықтыру» және «Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сапа бақылауын жүзеге асыруы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты» тақырыптарында техникалық оқу өткізілді.
Техникалық оқуға тексеру комиссиясының мүшелері, аппарат басшысы, бөлім басшылары мен мемлекеттік аудиторлар қатысты. Күн тәртібіне сәйкес комиссия мүшесі Бауыржан Төлешұлы мен бөлім басшылары Сәкен Қуанышұлы, Альсеит Аманжолұлы және бас инспектор-мемлекеттік аудитордың ассистенті Жанна Жолдыбайқызы аталған тақырыптарда баяндама жасады.
Техникалық оқу қорытындысымен жауапты қызметкерлерге тапсырмалар беріліп, қажетті шараларды қабылдау ұсынылды.