Абай облысында жануарларды қорғау нормаларын іске асыруға арналған бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін талдау және бағалау бойынша сараптамалық-талдау іс-шарасының қорытындысы шығарылды

Абай облысында жануарларды қорғау нормаларын іске асыруға арналған бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін талдау және бағалау бойынша сараптамалық-талдау іс-шарасының қорытындысы шығарылды

2025 жылғы 29 сәуірде Абай облысы бойынша Тексеру комиссиясында кезекті отырыс өтті, онда «Абай облысының азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар жануарларды қорғау туралы нормаларды іске асыруға бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін талдау және бағалау» сараптамалық-талдау іс-шарасының қорытындылары қаралды.

Сараптамалық-талдамалық іс-шараның нәтижелері бойынша объектінің қызметіндегі жекелеген проблемалық мәселелер мен кемшіліктер анықталды.

Отырыс қорытындысы бойынша Абай облысының ветеринария басқармасына сараптамалық қорытынды жолданды және тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынымдар берілді.