2025 жылғы 17 сәуірде Абай облысы бойынша тексеру комиссиясында мемлекеттік аудит объектілері өкілдерінің қатысуымен кезекті отырыс өтті, онда Семей қаласы бойынша мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды.
Аудитпен жалпы сомасы 7 793,1 млн. теңгеге бюджет қаражаты қамтылды.
Аудит қорытындысы бойынша қамтылған қаражат сомасының жалпы сомасы 457,5 млн. теңгеге немесе 5,9%-ға Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының нормаларын бұзу анықталды, оның ішінде:
1) 193,6 млн. теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар;
2) 101,0 млн. теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау;
3) 162,9 млн. теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану.
Бұдан басқа, процедуралық сипаттағы бұзушылықтардың 46 бірлігі және жүйелік кемшіліктердің 17 бірлігі анықталды.
Бұзушылықтардың жалпы сомасының 457,5 млн.теңгенің -193,6 млн. теңгесі өтелуге/қалпына келтірілуге жатады, оның ішінде -40,1 млн.теңгесі өткізілген отырыс кезінде өтелді, 135,3 млн. теңге қалпына келтірілді.
Аудит қорытындысы бойынша 12 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, бұдан басқа, 8 объекті әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тиісті уәкілетті органдарға берілді. Қазіргі уақытта әкімшілік құқық бұзушылық туралы 14 хаттама жасалып, төленген айыппұл сомасы 2201,9 мың теңгені құрады.