
2025 жылғы 31 наурызда облыстық мәслихат депутатының және мемлекеттік аудит объектілері өкілдерінің қатысуымен спорт саласындағы жекелеген бағыттар бойынша бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиторлық іс-шарасының қорытындыларын қарау жөніндегі тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Аудитпен жалпы сомасы 17 498,1 млн.теңге бюджет қаражаты қамтылды.
Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасы нормаларының 4 914,6 млн.теңге сомасына немесе қамтылған қаражат сомасының 28,1% - на бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
1) 662,4 млн.теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар;
2) 2 291,0 млн.теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау;
3) 1 961,6 млн.теңге сомаға бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану.
Бұдан басқа, 59 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, 3 бірлік жүйелік кемшіліктер.
Бұзушылықтардың жалпы сомасы 4 914,6 млн. теңгесінен 662,4 млн.теңге өтелуге/қалпына келтіруге жатады, оның ішінде 29,7 млн.теңге өтелді, 607,6 млн.теңге қалпына келтірілді.
Аудит қорытындысы бойынша аудит объектілерінің лауазымды тұлғалары тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.