
2026 жылғы 12 тамызда Абай облысы бойынша тексеру комиссияның кезекті отырысы өткізіліп, онда аудит объектісінің өкілдерінің қатысуымен қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру мәселелері бойынша жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды.
Жүргізілген аудит нәтижелері бойынша тексерілетін кезеңде Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының жалпы сомасы 1 443,5 млн теңгені құрайтын бұзушылықтары анықталды.
Аудит нәтижелерін қарау қорытындысы бойынша аудит объектісіне қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін аудиторлық қорытынды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама жолданды.