
2026 жылғы 29 маусымда «Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-де кезекті отырыс өтті, онда Агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларға кредит беру бағдарламасының іске асырылуын және олардың облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін бағалау жөніндегі сараптамалық-талдамалық іс-шараның қорытындылары қаралды. Іс-шара барысында қалыптастырылған қорытындылар негізінде қажетті шараларды қабылдау және одан әрі жұмыста есепке алу үшін бағалау объектісіне жіберілген ұсынымдар әзірленді.