
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің және мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы ағымдағы жылдың басынан бастап 2025 қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттердің атқарылуына талдау жүргізеді.
Бағалау шеңберінде бюджеттер түсімдері мен шығыстарының нақты көрсеткіштері, олардың толық және уақтылы орындалуы, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілігінің дұрыстығы, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудың тиімділігі қаралады.
Мемлекеттік органдардың мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген нысаналы индикаторлар мен түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуін, сондай-ақ Бюджеттік инвестицияларды, трансферттерді және өзге де қаржы құралдарын пайдалану тиімділігін талдауға ерекше назар аударылады.
Жүргізілген талдау қорытындылары бойынша аудандардың, қалалардың және облыстың тиісті мәслихаттарының сессияларында қаралатын Тексеру комиссиясының қорытындылары қалыптастырылады. Қорытындыларда жергілікті бюджеттерді басқаруды жетілдіруге және бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған жергілікті атқарушы органдар үшін ұсынымдар қамтылған.
Бүгінгі күні мәслихат сессияларында аудандық деңгейдегі бюджеттердің атқарылуы туралы есептер қаралды. Облыстық бюджеттің атқарылуын талдауды қарау ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жоспарланып отыр.
Бұл жұмыс мәслихаттарға ұсынылатын жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы жылдық есептердің сапасын арттыруға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың есептеріне тексеру комиссиялары қорытындыларының талдамалық құрамдас бөлігін күшейтуге бағытталған Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының тапсырмалары ескеріле отырып жүргізіледі.