
2026 жылғы 30 наурызда Абай облысы бойынша тексеру комиссиясында мемлекеттік аудит объектілері өкілдерінің қатысуымен кезекті отырыс өтті. Онда Абай облысының білім басқармасына қарасты ұйымдардың (2026 жылға өтпелі) бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды.
Жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Абай облысының білім басқармасына қарасты ұйымдардың бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігі аудитімен жалпы сомасы 17 511 521,8 мың теңге көлеміндегі бюджет қаражаты қамтылды.
Нәтижесінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзу фактілері 3 235 962,1 мың теңге сомасында анықталды немесе қамтылған қаражаттың 18,5%-ын құрады, оның ішінде:
Сонымен қатар, 92 рәсімдік бұзушылық және 14 жүйелік кемшілік анықталды.
Жалпы 54 211,7 мың теңге өтелуге жатады, оның ішінде мемлекеттік аудит барысында және отырысқа дейін 50 975,1 мың теңге немесе 94,0%-ы бюджетке өтелді. Қалпына келтіруге 1 043 800,4 мың теңге жатады, оның ішінде мемлекеттік аудит барысында және отырысқа дейін 1 042 959,9 мың теңге немесе 99,9%-ы қалпына келтірілді.
Аудит қорытындысы бойынша 23 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 10 объект бойынша аудиттің 23 материалы тиісті уәкілетті органдарға жолданды.