Автомобиль жолдарын пайдалануға, көлік инфрақұрылымының басым жобаларын іске асыруға, сондай-ақ қоғамдық көлікті субсидиялауға жұмсалған бюджет қаражатының пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері

Автомобиль жолдарын пайдалануға, көлік инфрақұрылымының басым жобаларын іске асыруға, сондай-ақ қоғамдық көлікті субсидиялауға жұмсалған бюджет қаражатының пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері

2026 жылғы 27 наурызда «Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-де кезекті отырыс өтті, онда автомобиль жолдарының жұмыс істеуіне, көлік инфрақұрылымының басым жобаларын іске асыруға, сондай-ақ қоғамдық көлікті субсидиялауға бағытталған бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары қаралды.

Аудитпен жалпы сомасы 16 800 907,1 мың теңгеге бюджет қаражаты қамтылды.

Аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 7 418 335,3 мың теңгеге немесе қамтылған қаражат сомасының 44,1% - на Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының нормаларын бұзу анықталды, оның ішінде:

1) қаржылық бұзушылықтар – 42 769,1 мың теңге, олар бюджетке толығымен өтелуге жатады;

2) бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау – 2 617 612,3 мың теңге;

3) бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану – 4 757 953,9 мың теңге.

Сонымен қатар, процедуралық бұзушылықтардың 4 бірлігі, жүйелік кемшіліктердің 1 бірлігі белгіленді.

Бұдан басқа, лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 1 аудит материалы тиісті уәкілетті органға берілді.