2025 жылғы 29 желтоқсанда Абай облысы бойынша тексеру комиссиясында мемлекеттік аудит объектілері өкілдерінің қатысуымен кезекті отырыс өтті, онда Ақсуат ауданының жекелеген объектілерінің бюджет қаражаты мен активтерін жоспарлау, пайдалану тиімділігінің, жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің өңір экономикасына ықпалының мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды.
Аудитпен жалпы сомасы 19 227,5 млн. теңгеге бюджет қаражаты қамтылды.
Аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 4 804,3 млн. теңгеге немесе қамтылған қаражат сомасының 25% - на Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының нормаларын бұзу анықталды, оның ішінде:
1) 737,4 млн. теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар;
2) 2 094,2 млн. теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау;
3) 1 971,5 млн. теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану;
4) 1,2 млн.теңге сомасына бюджеттің тікелей (жанама) шығыны.
Сонымен қатар, процедуралық сипаттағы бұзушылықтардың 64 бірлігі және жүйелік кемшіліктердің 6 бірлігі анықталды.
Бұзушылықтардың жалпы сомасынан 4 804,3 млн. теңгеден өтелуге тиісі 55,3 млн.теңге, бюджетке түсуі тиіс 8,6 млн. теңге, қалпына келтіруге жататыны 673,5 млн. теңге, оның ішінде отырыс өткізілген сәтте 27,9 млн. теңге өтелді, бюджетке 8,6 млн. теңге түсті, 673,5 млн. теңге қалпына келтірілді.
Аудит қорытындысы бойынша 12 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, бұдан басқа, лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 11 объекті бойынша 30 аудит материалы тиісті уәкілетті органдарға берілді.