Жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары

Жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары

2025 жылғы 10 қазанда «Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-де мемлекеттік аудит объектілері өкілдерінің қатысуымен кезекті отырыс өтті, онда «Жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің мемлекеттік аудиті» мемлекеттік аудитінің қорытындылары қаралды.

Аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 15 198 592,8 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының нормаларын бұзу анықталды, оның ішінде:

          - қаржылық бұзушылықтар болып табылатын қаржылық есептілікті бұрмалау - 15 027 477,3 мың теңге;

         - рәсімдік бұзушылықтар болып табылатын қаржылық есептілікті бұрмалау - 171 115,5 мың теңге.

         Сонымен қатар, 9 бірлік процедуралық сипаттағы бұзушылықтар және 2 бірлік жүйелік кемшіліктер анықталды.