Абай облысы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлауға бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындысы қаралды

Абай облысы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлауға бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындысы қаралды

2025 жылғы 29 шілдеде облыстық мәслихат депутаттары мен мемлекеттік аудит объектілері өкілдерінің қатысуымен Абай облысы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлауға бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Аудитпен жалпы сомасы 7 173,8 млн.теңге бюджет қаражаты қамтылды.

Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасы нормаларының 1 822,8 млн. тенге, сомасына немесе қамтылған қаражат сомасының 25% - не бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

1) 1 143,5 млн..теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар;

2) 82,9 млн.теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау;

3) 595,8 млн.теңге сомаға бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану.

Сонымен қатар, 0,6 млн.теңге болуы мүмкін шығындар мен жоғалған пайда анықталды.

Бұдан басқа, 52 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, 8 бірлік жүйелік кемшіліктер.

Бұзушылықтардың жалпы сомасы 1 822,8 млн. теңгесінен 75,7 млн.теңге өтелуге, 1 058,4 млн.теңге қалпына келтіруге жатады, оның ішінде 23,2 млн.теңге өтелді, 990,5 млн.теңге қалпына келтірілді. 

Аудит қорытындысы бойынша 22 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа, лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін, 8 объект бойынша 18 аудит материалдары құзырет шеңберінде қарау үшін тиісті уәкілетті органдарға берілді.