Абай облысында «Абай облысының ішкі саясат басқармасы» ММ, сондай-ақ оның ведомстволық бағынысты ұйымдарына бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті» аудиторлық іс-шарасының қорытындылары қаралды

Абай облысында «Абай облысының ішкі саясат басқармасы» ММ, сондай-ақ оның ведомстволық бағынысты ұйымдарына бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті» аудиторлық іс-шарасының қорытындылары қаралды

Абай облысы бойынша тексеру комиссиясында мемлекеттік аудит объектілері өкілдерінің қатысуымен кезекті отырыс өтті, онда "Абай облысының ішкі саясат басқармасы "ММ, сондай-ақ оның ведомстволық бағынысты ұйымдарына бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті" аудиторлық іс-шарасының қорытындылары қаралды.

Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 598 466,1 мың теңгеге Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзу анықталды, оның ішінде: 211978,6 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, бюджетке қаражат түсім кезде бұзушылықтар 1733,7 мың теңгені құрады, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау 272496,3 мың теңгені құрады, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану 112257,5 мың теңгені құрады.

Бұдан басқа, 20 бірлік рәсімдік бұзушылық, 2 бірлік жүйелік кемшілік, бюджет қаражатын пайдалану кезінде ықтимал шығындар мен жіберіп алған пайда 33,1 мың теңге анықталды.

Бұзушылықтардың жалпы сомасының 598466,1 мың теңгесі 213712,3 мың теңгесі өтелуге / қалпына келтірілуге жатады, оның ішінде 213712,3 мың теңгесі өтелді/қалпына келтірілді.

Құзыреті бойынша лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін 2 объекті бойынша аудит материалдары уәкілетті органға берілді.