2025 жылдың 29 шілдесінде сағат 10.00-де Семей қ. Қаржаубайұлы көшесі,17 мекенжайында орналасқан «Абай облысы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлауға бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит» мемлекеттік аудитінің қорытындысын қарау бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтеді.
Осы күні сағат 11-00-де Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының «Абай облысының ішкі саясат басқармасы» ММ, сондай-ақ оның ведомстволық бағынысты ұйымдарына бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудит қорытындыларын қарастыруға қатысты отырыс өткізіледі.