Абай облысында Бесқарағай ауданында жүргізілген аудиторлық іс-шара қорытындылары қаралды

Абай облысында Бесқарағай ауданында жүргізілген аудиторлық іс-шара қорытындылары қаралды

2025 жылғы 11 маусымда Абай облысы бойынша Тексеру комиссиясында мемлекеттік аудит объектілері өкілдерінің қатысуымен кезекті отырыс өтіп, онда «Бесқарағай ауданының жекелеген объектілерінің бюджет қаражаты мен активтерін жоспарлау, пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті, жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің өңір экономикасына әсері» аудиторлық іс-шарасының қорытындылары қаралды.        

Жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 9 366 030,6 мың теңгеге бюджет қаражаты мен мемлекет активтері қамтылды.

Нәтижесінде 6 744 666,1 мың теңге сомаға немесе қамтылған қаражат сомасының 72% Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзу анықталды, оның ішінде:

1) 488 396,6 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде түскен кезде -2 287,8 мың теңге;

2) 1 163,1 мың теңге сомаға бюджеттің тікелей (жанама) шығындары;

3) 2 664 463,4 мың теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау;

4) 3 590 643,0 мың теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану.

Сонымен қатар, 53 бірлік процедуралық бұзушылықтар, 6 бірлік жүйелік кемшіліктер анықталды.

Барлығы 20421,7 мың теңге өтелуге, 2287,8 мың теңге бюджетке түсуге, 465687,1 мың теңге қалпына келтіруге жатады, мемлекеттік аудит барысында және отырыс өткізілгенге дейін 20421,7 мың теңге бюджет кірісіне немесе өтелуге жататын соманың 100% өтелді, бюджетке түсуге жататын соманың 2287,8 немесе 100% - ы түсті, жұмыстар мен есепке алу бойынша 465687,1 мың теңге немесе 100 % қалпына келтірілді.

Аудит қорытындысы бойынша 9 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 20 аудит материалы тиісті уәкілетті органдарға жіберілді.