
Жетісу облысы бойынша мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне, жергілікті бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудитінің нәтижелері бойынша
ПРЕСС-РЕЛИЗ
Облыстық мәслихат депутаттарының қатысуымен 2025 жылдың 10 қыркүйегінде, Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді, онда Жетісу облысы бойынша мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне, жергілікті бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудиттың қорытындылары қаралды.
Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша аудитпен қамтылған мекемелер бойынша тұтастай алғанда бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді пайдалануға бағытталған белгілі бір жұмыс жүргізеді деген қорытынды жасауға болады.
Сонымен қатар, мемлекеттік аудит объектілерінің алдына қойылған міндеттер мен мақсаттырды іске асыру кезінде елеулі олқылықтарда орын алған. Атап айтқанда:
Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша 19 438,2 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 114 006,1 мың теңгені бюджет қаражаттарын тиімсіз жоспарлау, 67 871,3 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану, 59 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды;
Бюджет қаражатын пайдалану кезінде нормативтік құқықтық актілерді сақтамау нәтижесінде бухгалтерлік есепті жүргізуді жүйелі түрде бұзуға жол берілген;
Еңбек заңнамаларының сақталмауы салдарынан мемлекеттік аудит объектілерінің қызметкерлеріне негізсіз артық қаражаттар төлеу фактілері және жалақы есебінен аванс түрінде берілген қаражаттардың тиісті түрде ұсталмау фактілері орын алған;
Мекеме қызметкерлеріне өтелетін іс-сапар шығындарын есептеу барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысының және мекемелердің ішкі құжаттарының талаптарын сақтамау салдарынын іс-сапар шығындарын артық есептеп төлеу фактілері орын алған;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларының» талаптары сақталмай Үкімет резервінен қарастырылған қаражаттар мақсатты пайдаланбау фактілері орын алған;
Мемлекеттік аудит объектілерінің тарапынан шарттық міндеттемелерді өнім берушілердің (мердігерлердің) тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын өндіріп алу бойынша тиісті деңгейде жұмыс жүргізілмейтіндігі. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу туралы Заңға сәйкес әлеуетті өнім берушілерді жосықсыз деп тану туралы сотқа жүгінбеу фактілері көптеп орын алған;
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларын қолданбай әлеуетті өнім берушілермен шарттар жасасу фактілері бар. Яғни, жекелеген жеткізушілердің мүдделері жоғары қойылып (лаббирование интиресов), бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызуы мүмкін;
Мемлекеттік аудит объектілер басшыларының және есептілікке жауапты қызметкерлерінің жұмыстарына немқұрайлы қарауы салдарынан есепке көрсетілуі тиіс активтер мен қаражаттар уақытылы есептілікке алынбай есептіліктің бұрмалануларына алып келген;
Мемлекеттік аудит объектілері басшыларының және есептілікке жауапты қызметкерлерінің жұмыстарына немқұрайлы қарау салдарынан нақты жасалмаған жұмыстарға бюдет қаражаттарының негізсіз және артық аударылуына жол берілген;
Бюджет қаражатын жоспарлау кезінде Бюджет кодексінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну» қағиданың талаптарын тиісті деңгейде ұстанбау фактісі орын алған.
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 8 мемлекеттік аудит объектісі бойынша жалпы саны 30 материал жолданды, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабы бойынша 9 әкімшілік айыппұл, 207 бабының 10-2 тармағына сәйкес 11 әкімшілік айыппұл салынды.
Аудит қорытындысы бойынша белгіленген бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мақсатында тексеру комиссиясы әзірленген тапсырмалар мен ұсынымдар жіберді.