2024 жылғы 14 тамызында Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы және мәслихат депутаттарының қатысуымен Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді, онда Қаратал ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау, бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды.
Мемлекеттік аудит жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын 5 мемлекеттік мекемелерде жүргізіліп, 2022 жылдың қаңтарынан бастап 2023 жылдың желтоқсаны аралығындағы кезең қамтылды.
Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 3 529 171,8 мың теңгені құрады.
Оның ішінде:
1) қаржылық бұзушылықтар 1 978 132,4 мың теңге (бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер 1 969 673,5 мың теңге, орындалмаған жұмыстар бойынша қалпына келтіруге 3 627,7 мың теңге және бюджет есебіне қайтаруға жататыны 4 831,2 мың теңге);
2) бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану – 606 919,4 мың теңге;
3) бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау – 944 120,0 мың теңге.
Сонымен қатар 32 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.
Қаратал ауданынына қарасты 2 мемлекеттік мекеме бойынша мемлекеттік аудит барысында бюджет есебіне жалпы сомасы 3 331,2 мың теңгесі өндірілді (бюджет есебіне өндірілуге жататын жалпы сома 4 831,2 мың теңге), 1 969 673,5 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды.
Анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайтын соттар мен уәкілетті органдарға 5 мемлекеттік аудит объектісі бойынша жылпы саны 11 материал жолданды, оның ішінде:
- Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жылпы саны 11 материал жолданды, бүгінгі күнге, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес 7 лауазымды тұлға, 207 бабының 10 тармағы 3 тармақшасына сәйкес 3 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда 812,2 мың теңге айыпұл бюджет есебіне өндірілді.