Жетісу облысы бойынша Тексеру комиссиясында Мемлекет басшысы 2026 жылғы 19 мамырда қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңының негізгі ережелерін түсіндіруге арналған жиын өтті.
Іс-шара барысында заңдағы негізгі жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың жаңа қағидаттары және саладағы өзекті өзгерістер жан-жақты талқыланды. Қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттеріне қатысты енгізілген нормаларға, меритократия қағидаттарын нығайтуға, кадрлық процестерді жетілдіруге және мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған тетіктерге ерекше назар аударды.
Жиын қорытындысында заң талаптарын сапалы іске асырудың маңыздылығы атап өтіліп, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен кәсібилігін арттыруға бағытталған шараларды жүйелі түрде жүзеге асыру қажеттігі айтылды.