09.10.2025 ж. Қаржы тәртібін нығайту және мәдениет саласында бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік органдар мен мәдени мекемелер өкілдерінің қатысуымен "дөңгелек үстел" өткізілді.

09.10.2025 ж. Қаржы тәртібін нығайту және мәдениет саласында бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік органдар мен мәдени мекемелер өкілдерінің қатысуымен "дөңгелек үстел" өткізілді.

Жиынға облыс әкімінің орынбасары Диас Есдаулетов, облыс бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Ардақ Тоқбергенов, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов, сондай-ақ мәдениет мекемелерінің жетекшілері мен есепшілер және мемлекеттік аудиторлар мамандары  қатысты. Кездесуде аудиторлық іс-шара барысында анықталатын қаржылық бұзушылықтар, олардың себептері мен салдары кеңінен талқыланды.

     Тексеру комиссиясының төрағасы Ардақ Айдарқұлұлы өз баяндамасында қаржылық тәртіпті сақтаудың маңыздылығына тоқталып, мемлекеттік аудит кезінде жиі кездесетін бұзушылықтар мен кемшіліктер туралы мысалдар келтірді, сондай-ақ, оларды болдырмау жолдары қарастырылды. Бұған қоса жиында мәдениет саласы ұйымдарының басшыларына электронды банкинг арқылы жұмыс істеу тәртібі жан-жақты түсіндірілді. Бұл жұмыстар цифрлық қолтаңбаны дұрыс пайдалану және бюджеттік қаражатты тиімді басқару дағдыларын жетілдіруге бағытталды.

     «Дөңгелек үстел» барысында қатысушылар есептілікті жақсарту, ішкі бақылауды күшейту, қызметкерлердің қаржылық сауаттылығын арттыру және құқықтық жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша ұсыныстар білдірді. Облыстық мәдениет басқармасының өкілдері қаржылық тәртіпті сақтау үшін жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізу мен бақылау тетіктерін жетілдіру қажеттігін атап өтті. Өз кезегінде Диас Рахметұлы бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, салаішілік үйлестіру мен алдын алу шараларын тұрақты түрде жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.

     Кездесу қорытындысы бойынша мәдениет мекемелеріне қаржылық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүйелі бақылау мен мониторинг жүргізу тапсырылды. Бұл «дөңгелек үстел» мәдениет саласындағы қаржылық тәртіпті нығайтуға, ашықтық пен тиімділікті арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.