2023 жылы барлығы 11 жеке тұлға және 1 кооператив несие алды, жалпы несие сомасы – 73 млн 555 мың теңге.
Биылғы 2024 жылға 2 кооператив, 3 жеке тұлғаның құжаттары жиналып, облыстық комиссия қарауына жіберілді. Атап айтқанда:
- Мәлібеков Мұхтар эко бройлер тауық өсіру мақсатында «Әшірақын Диас» кооперативін құрып, 27 млн 460 мың теңге несиеге өтінім берді.
- Тәліп Зәбира жылқы мал басын көбейту мақсатында «Марлен-2023» кооперативін құрып, 27 млн 600 мың теңге несиеге өтінім берді.
- Мергенбай Зағира наубайхана ашу мақсатында 8 млн 500 мың теңге несиеге өтінім берді.
- Ерғалиев Нұрбатыр – шеге шығару өндірісі ашу мақсатында 6 млн 750 мың теңге несиеге өтінім берді.
- Адильбекова Назым – жұмыртқа өндірісін ашу мақсатында 8 млн 600 мың теңге несиеге өтінім берді.
Жалпы сомасы – 78 млн 910 мың теңге.