1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ауыл әкімі Абдикасимов Қайнар Изаұлының Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектептің оқу үздіктері мен аудандық, облыстық, республикалық олимпиадаларға және спорттық жарыстарға қатысып жүлделі орын иеленіп келген, мектеп мақтанышына айналған оқушылармен және Аналар кеңесінің төрайымымен бірлескен кездесуі өткізілді. Ауыл әкімі оқушылардың білім саласы бойынша жеткен жетістіктері және балардың болашағы жайында өз пікірін айтып, алғыс хаттарын табыс етті. Ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Үмбетбаева Зағира Қашқынбайқызы да оқушыларымызға білім саласында толағай табыстар тілеп, алар асулары көп екендігін айта өтті.