Жоғары және арнаулы оқу орындарының түлектері 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында жастар тәжірибесіне қатысуға шақырылады.

Жоғары және арнаулы оқу орындарының түлектері 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында жастар тәжірибесіне қатысуға шақырылады.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті
дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде
жастар тәжірибесіне жоғары және арнаулы оқу орындарының
түлектері шақырылады.
Жастар тәжірибесі: білім беру ұйымдары түлектерінің
меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін
алуы мақсатында түлектер үшін ұйымдастырылады.
Жастар тәжірибесі меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша оқуды аяқтағаннан
кейінгі 5 жыл ішіндегі және 35 жастан аспаған түлектер
қатарындағы жастарға арналған. 
Жастар тәжірибесі қаржыландыру 30 айлық есептік көрсеткіш
көлемінде (103 500) республикалық немесе жергілікті бюджет
қаражаты есебінен Орталық арқылы жүзеге асырылады.
Өту мерзімі - 12 ай.
Барша жас мамандарды жастар тәжірибесіне
шақырамыз!