Тарихқа көз жүгіртсек, бұл күні қалаға астана
мәртебесін беруге қатысты алғашқы құжат қабылданды.
1994 жылы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Кеңесі "Астананы Ақмола қаласына көшіру туралы"
қаулы қабылдады. Елорданы Алматыдан басқа қалаға көшіру
туралы шешімнің бірнеше себебі бар еді. Соның ішінде
Қазақстанның оңтүстік шекарасында орналасқан Алматының
өнеркәсіп орталықтарынан шалғай орналасуы ықпал етті.
Ақмола облыстардың ішінде алдыңғы қатарда болды.
Сонымен қатар бұрынғы астананы одан әрі кеңейту
мүмкіндігі аз болды, ал Ақмоланың бұл жағынан перспективасы зор.
1997 жылы орталық мемлекеттік мекемелер Ақмолаға ресми
көшірілгеннен кейін елордаға қатысты тағы бір маңызды
шешім қабылданды. 1998 жылы 6 мамырда Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығымен қалаға "Астана" деген жаңа атау берілді.
Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы Астананың әлеуметтік-экономикалық
өсіп-өркендеуіне қосқан қомақты үлестеріңізге, ерен еңбектеріңізге,
азаматтық қоғам құруға белсене қатысқандарыңызға, бейбітшілік
пен келісімді сақтауға ат салысқандарыңызға алғысымызды білдіреміз.
Сіздерге бақытты да баянды өмір, зор денсаулық, қажымас қайрат,
жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш, құт-береке тілеймін.
Сүйікті қаламыз – ару Астана көркейе берсін!