"Шәлкөде орта мектебіне 100 жыл"

"Шәлкөде орта мектебіне 100 жыл"

Шілде айының 1-жұлдызында ауылымызда Шәлкөде орта мектебінің 100 жылдық мерей тойы ауқымды түрде атқарылып, өткізілді. Шарамызды Аудан әкімі Б. Дүйсенбаев өзінің құттықтауын ізгі - тілегін білдіріп, ауыл тұрғындары мен ұлағатты ұстаздарға алғысын айтты. Мектеп тарихы туралы " Ұлағат ордасы" атты кітаптың тұсауы кесілді. Тойдың өтуіне демеушілік көрсеткен, ауыл тұрғындарын ауылдық округ әкімі Қ. Қуанышұлы арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
Шара барысында спорттық ойындардан жарыс өткізіліп, жеңімпаздарға естелік- сыйлықтар табысталды.
Тойымыздың көркін қыздырған ұлттық ат спорт ойындарынан " Аламан бәйге", " Құнан бәйге", "Тай бәйге" ұйымдастырылды. Жеңімпаздар арнайы сый-сыяпаттармен марапатталды.
Осындай дүбірлі тойдың жоғарғы дәрежеде өтуіне ат салысқан ауыл тұрғындары мен қонақтарымызға шынайы алғысымызды білдіреміз!