"ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІСІ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ

"ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІСІ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ

2023 жылғы 1️⃣5️⃣сәуірде «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсы басталады.

🔹Конкурсқа қатысуға кемінде үш жыл мінсіз мемлекеттік қызмет өтілі бар «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері жіберіледі. Конкурсқа мемлекеттік қызметші мемлекеттік орган басшысының ұсынуы бойынша қатыса алады.

🔹Құжаттар 2023 жылғы 15-30 сәуір аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттерінің электрондық пошталары арқылы қабылданады:
1) конкурсқа қатысу туралы мемлекеттік органның ұсынымы;
2) конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі.