Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыжаз ауылдық округіне қарасты Көмірші ауылының ішкі көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Аталған жұмысқа аудан әкімінің орынбасары Ғ. Жусанбаев, «Тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» басшысы Б. Себдайыр және Сарыжаз ауылдық округ әкімі С. Жетпысбаев ауыл тұрғындарымен кездесіп, жұмыс барысымен танысып қайтты.