8 мамыр күні аудан тұрғындары үшін тағыда бір көптен күткен қуаныштың орындалған сәті болды.
«Алматы облысының коммуналдық мемлекеттік білім беру мекемесінің атауын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы өкіметінің 2022 жылғы 5 қазандағы №787 қаулысына сәйкес «Алматы облысы білім басқармасының Райымбек ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сарыжаз орта мектеп Ақбейіт бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбаевтың аты берілді. Аудан әкімі арнайы барып ауыл тұрғындарын құттықтап, осы мектептен тағыда Алтынбек ағамыздай елін сүйген, еліне жаны ашитын азаматтардың шығатынына сенімін білдірді. Шарада Алтынбек Сәрсенбаевтың бауыры Рыспек Сәрсенбаев, сыныптастары және курстастары да өз ізгі тілектерін білдіріп, артына өшпес атын қалдырған жақындарын еске алды.
Шараның екінші бөлімінде Алтынбек Сәрсенбаев атындағы орта мектебінің жанындағы стадионның ашылу салтанаты өткізілді. Заманауи үлгідегі стадионға аудан әкімі Дуйсенбаев Берік Фатықұлы өз атынан спорттық заттарды сыйға тартты.