7-10 маусым аралығында Қарасай ауданы, Шамалған ауылы, "Үшқоңыр" спорт кешенінде Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлері арасында IV-спартакиада өз мәресіне жетті.
Спорттың Волейбол, шағын футбол, бильярд, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, суда жүзу және қазақ күресі түрлері бойынша өткен сайыста Райымбек ауданы мемлекеттік қызметкерлері жақсы нәтижеге қол жеткізді. Атап айтқанда қазақ күресінен +90 кг салмақ дәрежесінде Ұзақ батыр ауылдық округінің әкімі Қайратұлы Бақыткелді чемпион атанса, 74 кг салмақ дәрежесінде Текес ауылдық округі әкімінің орынбасары Боранбаев Ғалым екінші орынды жеңіп алды. Жүлделі үшінші орынға 90 кг салмақ дәрежесінде Тойлыбаев Айбар қол жеткізді. Тоғызқұмалақтан Текес ауылдық округінің әкімі Таубалдиев Нұрболат үшінші орынға ие болды . Волейбол құрамасы командалық есепте екінші орынды иеленді. Спартакиада қортындысы бойынша Райымбек ауданы жалпы командалық есепте үшінші орынды жеңіп алды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!