ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР «ЖАСЫЛ МЕКЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ ҚАТЫСАДЫ
Барлық білім беру ұйымдарында «Жасыл мекен» республикалық челленджі өтеді. Экологиялық акцияға ҚР Оқу-ағарту министрі, құрылымдық бөлімше басшылары, білім беру ұйымдарының директорлары, мұғалімдер мен оқушылар қатысты!
Осы орайда Нарынқол ауылында орналасқан О. Жандосов, Т. Жанұзақов, Б. Соқпақбаев атындағы мектептері де өз үлестерін қосты!
🗣️Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің хабарлауынша, іс-шара экологиялық мәдениетті, өлке табиғаты мен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, еңбекқорлықты, қоршаған ортаны көгалдандыруды дамытуға бағытталған.
💬«Жасыл мекен» республикалық челленджі білім алушылардың еңбекқорлығы мен қоршаған ортаға деген қамқорлығын көрсетеді. Акция бүкіл ел бойынша бір уақытта өтеді», – дейді департамент директорының міндетін атқарушы Аман Сейітов.
Көшет отырғызу орнын білім беру ұйымындары таңдайды.Челленджге қатысушылар мен отырғызылатын көшеттер саны шектелмейді.