Жастарға 2,5% пайыздық жеңілдікпен шағын несие беріледі

Жастарға 2,5% пайыздық жеңілдікпен шағын несие беріледі

Кәсіпкерлік қызметті бастауға ниет білдірген немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21-35 жас аралығындағы жастарға шағын несиелер конкурстық негізде беріледі.

Несие «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жүзеге асады. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%-дан аспайды. Несиенің максималды сомасы 5 миллион теңгегені құрайды, сондай-ақ кепілзаттың болуы міндеттеледі.

Шағын несиелерді кез келген мақсат үшін 5 жылға, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге алуға болады.

Сондай-ақ негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі көзделген, ол шағын несиелеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды.

Қазіргі уақытта министрлік жергілікті атқарушы органдармен несиелік шарттар жасасу, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мен жергілікті атқарушы органдарды бекітуге шарт жасасу, сондай-ақ бизнес-жобаларды қарау үшін өңірлік комиссиялар құру бойынша жұмыс атқарып жатыр.

 

02 мамыр 2023

 
"ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІСІ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ

16 ақпан 2023

 
Қазақстан Республикасы парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау туралы

16 ақпан 2023

 
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және Маслихаттарының депутаттарын Сайлау

13 ақпан 2023

 
Алматы облысының Райымбек ауданында Тегістік ауылдық округі әкімін сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА