Өткен жылы еліміздің барлық аймақтарында жас басқарушылар пулын қалыптастыру үшін алғаш рет өңірлік кадр резервтеріне іріктеу өтті. Өңірлік резервке алынған жастар жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурссыз орналаса алады.
Өңірлік кадрлық резерв мүшелерінің бірі - Алмаз Абайұлы Алматы қаласының жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарады. Оның қызмет жолы мен осы саладағы бастамалары туралы «24KZ» телеарнасының «Елге қызмет» бағдарламасында.