Мемлекеттік қызмет дарынды жастар үшін әрдайым ашық. Бүгінде мемлекеттік аппарат жұмысына білімді де білікті жас мамандарды тартуға бағытталған жаңа тәсілдер белсенді енгізілуде.
Соңғы жылдардағы заңнамалық өзгерістерге сәйкес жоғары оқу орнын мемлекеттік грантпен оқып, оны жақсы көрсеткішпен (GPA 3,33-тен жоғары) бітірген жас түлектерге аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу мүмкіндігі берілді.
Осы мүмкіндік арқылы мемлекеттік қызметке келген жастардың бірі – Азат Әлназиров. Ол университетті үздік бітіргеннен кейін конкурссыз мемлекеттік қызметке орналасып, Солтүстік Қазақстан облысындағы шағын қаланың дамуына өз үлесін қосуда. Бұл туралы «24KZ» телеарнасының «На службе у народа» арнайы шығарылымында.