Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану жеңілдетілді

Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану жеңілдетілді

Енді азаматтарға соттан тыс банкроттық рәсімін бастау үшін бұрын елеулі кедергі болуы мүмкін бірқатар құжаттарды жинаудың қажеттілігі жоқ. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде Қаржы министрлігіне адамды банкрот деп тануға қажет құжаттардың санын барынша азайтып, азаматтарға қарыз мәселелерін жедел шешуге кең мүмкіндік беру жөнінде ұсынымдар енгізді. Осы ұсынымдардың негізінде Қаржы министрлігі соттан тыс банкроттық рәсімін айтарлықтай жеңілдетті.

Атап айтқанда, келесі құжаттарды тапсыру талап етілмейді:

 1) нақты қарыз сомасын растайтын құжаттар;

 2) әрбір несие берушінің атауы туралы мәліметтер;

 3) қарызды реттеу әрекеттерін дәлелдейтін түрлі анықтамалар мен мәліметтер.

Бұрын азаматтар қағаз түрінде мәліметтер жинауға көп уақыт жұмсайтын болса, енді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұсынымдары аясында тиісті ақпараттық жүйелер интеграцияланып, Мемлекеттік кірістер органдары негізгі мәліметтерді тікелей кредиттік бюро жүйесінен алады.

Нәтижесінде, бұл шара істерді қарау үдерісін бірнеше есе жеделдетіп, соттан тыс банкроттық рәсімін өмірлік қиын жағдайға тап болған әлеуметтік осал санаттағы азамаматтар үшін қолжетімді әрі тиімді көмек құралына айналдырды.