Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының басшылығы мен қызметкерлері Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қалалық сенбілікке қатысты.
Агенттік және Академия ұжымы Бейбарыс сұлтан даңғылы бойында 100-ден аса ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл игі бастама қоршаған ортаны қорғауға және оған қамқорлық танытуға, азаматтардың табиғатқа деген көзқарасын жүйелі түрде өзгертуге өз септігін тигізуде.
Мұндай шаралар алдағы уақытта да тұрақты жалғасын табатын болады.