МҚІА мен Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қызметкерлері тестілеу технологиясы бойынша оқытудан өтті

МҚІА мен Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қызметкерлері тестілеу технологиясы бойынша оқытудан өтті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметті дамыту саласында тәжірибе алмасу бойынша шетелдік серіктестермен тиімді ынтымақтастық құруды жалғастыруда.

Түркі мемлекеттері ұйымы қызметінің аясында Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік емтихан орталығымен мемлекеттік қызметтегі тестілеу технологиясы бойынша тәжірибе алмасу жөніндегі келісімге қол жеткізілді.

Осылайша, ағымдағы жылғы 17-20 желтоқсан аралығында МҚІА және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қызметкерлері үшін тестілеу технологиясы бойынша оқыту семинары өтті.

Семинар барысында шетелдік спикерлер тест тапсырмаларын әзірлеу, бағалау, жіктеудің және олардың банктерін қалыптастырудың теориялық және практикалық тәжірибесімен бөлісті.

Атап өту керек, Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің HR саласындағы уәкілетті органдары арасындағы ынтымақтастық аясында өзара тәжірибе алмасу іске асырылуда. Мысалға, Өзбекстанның өкілдері үшін Қазақстанда ассесмент тақырыбы бойынша оқыту ұйымдастырылды. Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері туризм және кәсіпкерлік салалары бойынша Түркия Республикасында тағылымдамадан өтті.