МҚІА ұжымы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы қалалық сенбілікке қатысты

МҚІА ұжымы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы қалалық сенбілікке қатысты

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының басшылығы менұжымы Президент бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткізілгенқалалық сенбілікке қатысты.

Агенттік және Академия қызметкерлеріФариза Оңғарсынова көшесінде ағаш көшеттерін отырғызып, тазалау жұмыстарын жүргізді.

Экологиялық акция қоршаған ортаны таза ұстауға және экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған маңызды қадам болып отыр

Мұндай шаралар алдағы уақытта да тұрақты жалғасын табатын болады.