Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде басшылық лауазымға тағайындалды

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде басшылық лауазымға тағайындалды

2023 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Нұрсұлтан Шалқаров Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасы хатшылығының директоры болып тағайындалды.

Бұған дейін «Қазақтелеком» АҚ байланыс операторларымен келісім бойынша департаментінің директоры қызметін атқарған. Қытайдағы Нанкин университеті және Назарбаев Университетінің түлегі.