МҚІА төрағасы Дархан Жазықбай «24 KZ» телеарнасының «Ойталқы» бағдарламасында сұхбат берді

МҚІА төрағасы Дархан Жазықбай «24 KZ» телеарнасының «Ойталқы» бағдарламасында сұхбат берді

Сұхбат барысында мансаптық және позициялық модель элементтерінен тұратын мемлекеттік қызметтің гибридті моделін қалыптастыру бойынша Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін жүзеге асыру барысы туралы айтылды.

Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай мемлекеттік қызметке талантты жастарды және салалық мамандарды тарту, адами ресурстарды басқару тәсілдері, мемлекеттік қызметке іріктеуді цифрландыру жұмыстары туралы айтты. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық өзгерістер және мемлекеттік қызметшілерді тұлғалық дамыту мәселелері жайлы да баяндады.