МҚІА жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелері мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізді

МҚІА жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелері мемлекеттік  қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізді

Бүгін МҚІА жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелері көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау мақсатында Астана қаласының №2 мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына және Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кеден бекетіне барды.

Қоғамдық кеңес мүшелері мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруды сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастырудағы маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында олар «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерімен танысып, мұның көрсетілетін қызметтердің клиентке бағдарлану сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сондай-ақ олар «Астана-кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің қызметімен танысты, онда жыл басынан бері тауарларды декларациялау бойынша 6 мыңнан астам және жолаушылар кедендік декларациясы бойынша 200-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Бақылау қортындысында Қоғамдық кеңес мүшелері көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасының жұртшылық  күтетін талап-тілектерге сәйкес болуы үшін оларға тұрақты мониторинг жүргізудің маңыздылығын атап өтті.