Қостанайда "Игі істер уақыты" бастамасы аясында көп балалы отбасына көмек көрсетілді

Қостанайда "Игі істер уақыты" бастамасы аясында көп балалы отбасына көмек көрсетілді

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері  Волонтер жылы аясында Агенттік төрағасы Анар Жаилғанованың бастамасымен іске асырылып жатқан «Игі істер уақыты» акциясы аясында көп балалы отбасын халықаралық Балаларды қорғау күнімен құттықтады.

Көпбалалы отбасы 6 баланы тәрбиелеп отыр. Олар саяжай учаскесінде тұрады.

Балалардың ең үлкені 9 жаста, ал ең кішісі бір айға толмаған.

Соңғы жылдары бұл отбасыға Департамент қызметкерлері материалдық көмек көрсетіп тұрады.

Балаларды қорғау күні-ерекше күн. Сондықтан осы жарқын мерекеде әр балаға көңіл бөлу маңызға ие. Департамент қызметкерлері көп балалы отбасыға тәтті сыйлықтар, киім-кешектер мен қажетті заттарды табыстады.

«Осындай мереке күні әр балаға денсаулық және ата-ананың шексіз махаббатын тілегім келеді. Біз әрдайым мүмкіндігі бар барлық азаматтарды осындай отбасыларға көмек көрсетуге шақырамыз», - деп атап өтті департамент басшысының орынбасары Ерлан Салықбаев.