МҚІА төрағасы «Qazaqstan» телеарнасының «Бас тақырып» бағдарламасына сұхбат берді

МҚІА төрағасы «Qazaqstan» телеарнасының  «Бас тақырып» бағдарламасына сұхбат берді

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай «Qazaqstan» телеарнасы «Бас тақырып» бағдарламасына қатысып, сұхбат берді.

Эфир барысында МҚІА төрағасы Мемлекет басшысының мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша Агенттікпен атқарылып жатқан шаралар туралы айтты.

Дархан Жазықбай жеке сектордан кәсіби мамандарды тарту, мемлекеттік қызметке «кіру» және одан «шығуды» жеңілдету, іріктеу процестерін цифрландыру, мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларын сақтау және олардың кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіру жөніндегі жұмыстар туралы хабардар етті.

Сондай-ақ сұхбат аясында Агенттік төрағасы ағымдағы жылғы Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің ерекшеліктеріне тоқталды.