Президенттік жастар кадр резервіне қатысу үшін өтінімдерді қабылдаудың аяқталуына 10 күн қалды

Президенттік жастар кадр резервіне қатысу үшін өтінімдерді қабылдаудың аяқталуына 10 күн қалды

Жастарға мемлекеттік қызметте өз әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретін Президенттік жастар кадр резервіне қатысу үшін құжаттарды қабылдау жалғасуда.

Іріктеуге қатысуға өтінім берудің аяқталуына 10 күн қалды. Президенттік жастар кадр резервіне қатысу үшін pkrezerv.gov.kz сайтында тіркеліп, келесі құжаттардың көшірмелерін ұсыну қажет:

1) жоғары білім туралы диплом;

2) еңбек қызметін растайтын құжат (ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес);

3) В1 деңгейінен төмен емес мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін растайтын Qazaq RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТ бойынша жарамды сертификат.

Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін растау үшін үміткерлерге тестілеуден екі тәсілмен өту ұсынылады:

  • ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының QAZAQ RESMI TEST (онлайн). Qazaq RESMI TEST-ке 28 қыркүйекке дейін өтініш беруге және тестілеуден өтуге болады.
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің QAZTEST (офлайн). QAZTEST тестілеуіне қатысу үшін өтініштерді қабылдау Алматы, Шымкент қалаларында және облыстың орталықтарында аяқталды, ал Астана қаласында 22 қыркүйекке дейін жалғасады. Жалпы, QAZTEST тестілеу мерзімі 22 қыркүйекке дейін жалғасады.

Өз кезегінде, pkrezerv.gov.kz сайтының интерфейсі азаматтар үшін барынша түсінікті және оны пайдалану оңай. Іріктеу шарттары бойынша үміткерлер  30 қыркүйекке дейін барлық құжаттарды жүктеуді аяқтап, «мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау тестілеуі» кезеңіне жазылуы тиіс. Көрсетілген күнге назар аудара отырып, үміткерлер келесіні ескеруі қажет:

Біріншіден, егер сіздің құжаттарыңыз толықтыруға қайтарылған болса, ескертулерді ескеріп, қажетті деректермен құжаттарды жүктеу керек.

Екіншіден, мемлекеттік тілді меңгергені туралы сертификат алу мерзімі – 2-7 жұмыс күні аралығын құрайды, ал мемлекеттік тілді білуге арналған тестілеуді бір реттік тегін тапсыруға арналған промокодты алу үшін сайтта мүмкіндігінше ертерек тіркелу қажет.

Тегін тестілеу шарттарымен төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/614234?lang=kk

Үшіншіден, тестілеуден өтпеген жағдайда үміткерлер тестілеуді өз қаражаты есебінен қайта тапсыра алады. Сондықтан үміткерлер қажет болған жағдайда мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауға тестілеуді қайта тапсыру, сондай-ақ құжаттарды пысықтауға қайтарылған жағдайда оларды талаптарға сәйкес келтіру үшін қосымша уақыт қарастыруы қажет.

Тіркелу және өтінімді беру барысында сұрақтар туындаған жағдайда үміткер 24/7 жұмыс жасайтын pkrezerv.gov.kz сайтындағы Jivo сайт немесе +7708 096 70 70 нөмір бойынша қолдау қызметіне, сондай-ақ info@pkrezrv.gov.kz электрондық поштасына хат жолдау арқылы жүгіне алады.