Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу: мемлекеттік тілді білу туралы тестілеуді қалай тапсыруға болады

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу: мемлекеттік тілді білу туралы тестілеуді қалай тапсыруға болады

1 қыркүйекте Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды. Үміткерлерге қойылатын талаптардың бірі – мемлекеттік тілді B1 деңгейінен төмен емес меңгергені туралы сертификаттың болуы.

Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін растау үшін үміткерлерге тестілеуден екі тәсілмен өту ұсынылады:

  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің QAZTEST жүйесі (офлайн);
  • ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының QAZAQ RESMI TEST (онлайн).

Талаптарға сәйкес келетін үміткерлердің әрқайсысына арнайы жеке промокодты қолдана отырып, бір реттік тегін тестілеу мүмкіндігі беріледі. Тестілеуден өте алмай қалған жағдайда үміткерлер тестілеуді өз қаражаты есебінен қайта тапсыра алады.

 

QAZAQ RESMI ТЕСТІН ҚАЛАЙ ТЕГІН ТАПСЫРУҒА БОЛАДЫ

1) https://pkrezerv.gov.kz сайтында тіркелу;

2) жеке кабинет құру;

3) cертификат бөліміндегі ақпаратты мұқият зерделеу;

4) жеке кабинетте сертификат түрін таңдап, промокод қалыптастыру;

5) https://www.qrt.kz сайтына кіру;

6) тест тапсыру себебін таңдау (Басқа - Басқа себеп - Президенттік жастар кадр резерві);

Төлемнің орнына тегін тапсыру үшін промокодты енгізіңіз.

 

QAZTEST/ҚАЗТЕСТТІ ҚАЛАЙ ТЕГІН ТАПСЫРУҒА БОЛАДЫ

1) https://pkrezerv.gov.kz сайтында тіркелу;

2) жеке кабинет құру;

3) Сертификат бөліміндегі ақпаратты мұқият зерделеу

4) жеке кабинетте сертификат түрін таңдап, промокод қалыптастыру;

5) http://kazakhtest.kz/kz/news/594372/ арқылы тестілеуге қатысу үшін сауалнаманы толтырып, өтінім қалдыру қажет;

6) әрі қарай, төлемнің орнына «Менің жауабым» деген жерге промокодты енгізу керек.

7) QAZTEST нәтижелерін https://app.testcenter.kz/auth сайтынан көруге болады.

Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс орталықтарында QAZTEST көшпелі тестілеу ұйымдастырылады. Тестілеу кестесі http://kazakhtest.kz/kz/news/594372/ сайтында орналастырылған.

Тестілеу ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өңірлік филиалдарында офлайн режимде өткізілетін болады.

Елордада өткізілген тестілеу нәтижелері 2 жұмыс күні ішінде, Алматы, Шымкент қалалары және облыс орталықтарында - тестілеу аяқталғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде берілетін болады. Сондықтан тестілеуге қатысу үшін Астана қаласында өтініштерді қабылдау 22 қыркүйекке дейін, ал Алматы, Шымкент қалаларында және облыстық өңірлік орталықтарда 17 қыркүйекке дейін жалғасады. Жалпы, тестілеуді өткізу мерзімі 1 қыркүйектен 22 қыркүйекке дейін созылады.

Тестілеу нәтижелерін алу үшін үміткерлер app.testcenter.kz сайтында тіркеліп, жеке кабинетте «Менің тарихым» бөлімінде сертификаттарды (PDF) немесе анықтамаларды (PDF) жүктеп алу қажет.