#Игіістеруақыты: Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаменті көпбалалы отбасыларға және жалғыз басты аналарға көмек көрсетті

#Игіістеруақыты: Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаменті көпбалалы отбасыларға және жалғыз басты аналарға көмек көрсетті

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті өңірдегі «Жас Отан» жастар қанатының еріктілерімен бірге облыс орталығында орналасқан мүгедек және жалғыз басты көпбалалы отбасыларға ең қажетті азық-түлік тауарларын үйлестірді.

​Аталған шара «Еріктілер жылына» орай бастау алған «Біз біргеміз!» акциясы және Агенттік төрағасы Анар Жаилғанованың бастамасымен іске асырылып жатқан «Игі істер уақыты» науқаны аясында ұйымдастырылған.

Көмек көрсетілген отбасы мүшелерімен кездескен Департамент басшысы А.Шілманов мемлекеттік қызметшілер қай кезде де қоғамның ажырамас бөлігі болып саналатынын, осындай кезеңде мұқтаж жандарға қолдау көрсету қызметшілердің азаматтық парызы болып табылатынын және атаулы жанға жылу сыйлайтын игі шара алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.