Шарттық негіздегі біліктілігін арттыру семинарларына құжаттарды қалай тапсыруға болады?

Шарттық негіздегі біліктілігін арттыру семинарларына құжаттарды қалай тапсыруға болады?

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік қызметшілер, дипломатиялық қызмет персоналы, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, азаматтық қызметшілер, мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың қызметкерлері, сондай-ақ мемлекеттік мекемелермен өзара іс-қимыл жасайтын азаматттар біліктілігін арттырудан өте алады.

Біліктілікті арттыру жоспар-кестеде көрсетілген тақырыптар мен мерзімдер бойынша шарттық негізде жүзеге асырылады. Семинар кестесімен Академия сайтындағы www.apa.kz Кәсіби даму бөлімінде танысуға болады (онлайн семинарлар мен семинарлар).

Шарттық негіздегі семинарларға өтінімдерді қабылдау мемлекеттік органның, азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ өзге де тұлғалардың сұранысы бойынша жүргізіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының біліктілігін арттыру бағдарламаларына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау тегін негізде жүргізіледі.

Ол үшін үлгі бойынша біліктілікті арттыру семинарынан өту үшін сауалнама-өтінімді толтыру қажет.