Мемлекеттік қызметке іріктеудің уақытша қағидалары аясында конкурсқа қатысу қадамдары бойынша жадынама

Мемлекеттік қызметке іріктеудің  уақытша қағидалары аясында конкурсқа қатысу қадамдары бойынша жадынама

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа алгоритмі іске қосылды.

Іріктеудің және конкурс өткізудің жаңа рәсімі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Сауда және интеграция, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері, Ақмола облысы мен Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдарында Агенттіктің ықпалдастырылған  ақпараттық жүйесінің сыртқы интернет-порталында жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметке іріктеудің уақытша қағидалары аясында конкурстарға қатысатын кандидаттарға көмекші құрал ретінде арнайы жадынама әзірленді.

Жадынамада конкурсқа қатысудың қадамдары, кандидаттарға қойылатын талаптар, тестілеу бағдарламасы, іріктеу және конкурс өткізу кезеңдерінің сипаттамалары, басқа да пайдалы мәліметтер көрсетілген.

Жүктеу үшін сілтеме:Мемлекеттік қызметке іріктеудің уақытша қағидалары аясында конкурсқа қатысу қадамдары бойынша жадынама